Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты 30 қаңтарда «500 мың теңге парамен ұсталған» Мақтарал аудандық сотының судьясы Абай Ниязбековтың ісін қарап жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот тергеуіне төрағалық етіп жатқан судья Еркебұлан Төлешов сотталушы Қылмыстық кодекстің 366 бабымен («Пара алу») айыпталып отырғанын айтты. Судья Абай Ниязбеков Азаттыққа тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Айыптау тарабы журналистердің сотқа қатысуына рұқсат бергенімен, сурет және видео түсіруге тыйым салуды сұрады. Судья ол өтінішті қанағаттандырды.

Судья Ниязбеков үстінен азаматтық іс қозғалған Мақтарал ауданындағы Фирдауси атындағы мектептің қызметкері Мирзаевтан 500 мың теңге параны хатшысы Ерлан Сатыбалдиев арқылы алған деген күдікке ілінген.

Іс бойынша куә ретінде аудандық соттың кеңсе меңгерушісі, хатшысы және тағы бес адам сұралды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.