Президенттің атасы 99 пайыз дауыспен сайланған

2002

Президент Нұрсұлтан Әбішұлының атасы Назарбай би 1909 жылы 52 жасында сайлаушылардың 99 пайыз дауысына ие болып, би атанған. Нақтырақ айтқанда 28 дауыс берушінің 27-і Назарбай биге өз дауысын беріпті. Бұл туралы zhasalash.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбай би туралы тарихи құжаттар Жоғарғы сотта ашылған Құқық тарихы мұражайында қойылыпты. Мемлекет басшысы атасының есімі 1886 жылғы құжаттар да кездеседі екен. Тарихи жәдігерлер, құжаттар мен суреттер Ресей мен Қазақстандағы ұлттық және ғылыми кітапханалар мен музейлерден алынған. Ол жерде билер пайдаланған құнды заттар да бар.

Фото: nlkg.kg 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.