Газеттің кезекті саны оқырманға жол тартты.

Еуропарламент, естимісің сен мені? – еуропарламент өкілдерінің Қазақстанға ресми іссапары, 10-мамыр күнгі республиканың бірнеше қаласында өткен митингілері, полицияның митингішлерге жасаған озбыр әрекеттер және қай қалада қанша адам ұсталып, нешеуіне айыппұл салынып, нешеуі қамауға алынғаны жайлы осы материалдан оқып білесіз.

Ертаевтың ертегісі – Ресейде үйқамақта отырған банкир Жомарт Ертаевтың ісі және оның сотта айқан сөздеріне қатысты газет тілшісінің қысқаша шолуы.

Қытайда қысым көрген қазақ елге оралды – Қытайдағы жергілікті билік қысып жасап, күштеп жасанды түсік жасатып, үйқамақта отырған қазақ әйелі елге оралды. Енді күйеуі күшпен баланы алдыртқан қытай шенеуінктері жауапқа тартылуы тиіс деп отыр.

Шығыс Түркістан – шерлі тарихымыз – белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының тарихи мақаласында Шыңжаң аймағындағы көтерілістер, сол тұстағы қазақтардың тарихы жайлы көп деректер айтылады.

Советтен қалған танкілерді сары майдай сақтап отыр – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың мәжілістегі үкімет сағатына келгенін және онда айтылған мәселелерді негізге ала отырып, қазіргі әскери техника өнеркәсібі саласындағы өзекті проблемалар сөз болады.

«ҚазАгро шығынға оңбай батты» — агроөнеркәсіпті дамытады делінген «ҚазАгро» ұлттық холдинг былтырғы жылдың қортындысы бойынша миллиардтаған теңге шығынға батқан. Неге, қалай, неліктен қыруар ақшаны шығын келгенін материалдан оқисыз.

Бүгінгі санда бұдан басқа да қызықты, тартымды дүниелерді жата-жастана оқуларыңызға болады.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.