Күйеубала синдромы: Сағынтаевтың сағын сындыра ма?

– Жалпы, Қазақстан билігін «жекешелендіріп» алған шағын топта  күйеубала синдромы деген дерт бар. Мәселен, президент Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның экс-күйеуі, Австрия түрмесінде асылып өлген Рахат Әлиев отбасының тыныштығы мен абыройына ғана емес, күллі Қазақстанның саяси өміріне, дамуына көп залал келтірген еді. Енді міне, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жақсы атына бұрынғы күйеу баласы кір жағып жатқандай. 

Жаңа қазақ ұлттық қозғалысының шарттары

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Бүгінде қазақ ұлтшылдары қайтадан бір-бірімен қырқысып, ішкі және сыртқы жаудың барлығын жайратып тастап, өз-өзімен есеп айырысқысы келетіндей.

 Майда-шүйде әңгімелерді сөз етіп, бір-біріне мін тағып, «менікі дұрыс, мені тыңдамағанның барлығы қазақ емес, қазақ жауы» деген сыңайдағы әңгімелер көбеюде. «Мен ғана оппозициямын, қалғандары биліктің жансызы» деген дүниелер көбейіп кетті. Ұлтшылдар арасында «мен ғана қазақ мүддесін қолдап-қорғап жүрмін, мені мойындамағандар «бандалыңдар» деген наполеоншылдық көзқарастар көбейіп келе жатқандай.

«Мырзахметов шешпесе,  шығынымыз шаш етектен…»

Қамбар Атаев, «Биназар Агро» АӨК басшысы:

 – Асқар Исабекұлын асыға күтіп жүрміз. Бірақ ол кісі Мойынқұмға келуге асығар емес.  Облыс басшысы шілдеге дейін бұл мәселені шешіп бермесе, судың тапшылығынан шаруалар шаш етектен шығынға батудың аз-ақ алдында тұр. 

Ата-аналар комитеті оқушының жарқын болашағы ма, кесірлі келешегі ме?

– Әр ата-ана осындай сәттерді пайдаланып, өзінің әлеуетін, тұрмысын, баласы үшін бәрін жасай алатынын өзгелерге дәлелдегісі келеді және ата-аналардың алдында кімнің кім екенін көрсетіп қойғысы да бар. Осындай біртүрлі мінез, өзін іштей қораш сезіну комплексі үлкендерді оқу жылы аяқталарда бәсекеге салып, өзара жарысқа түсіреді. Бұдан отбасы бюджеті шығын тартады, баланың бойында даңғазаға, бос бәсекеге тыраштану, қарыздану, несие алу, әйтеуір, қайткенде де елден қалмау дейтін ергежейлі мінез қалыптасады.

 Балалар үйі ­– көрме, балалар – экспонат емес

– Көлденеңнен келе қалған кез келген өкілге оқушылар мен мұғалімдерді жинап жіберіп, мекемені тастай қылып таныстырып шығатын әдет бұл ауылды да айналып өтпепті. «Тағы бір-екі үйге кіріңіз» деп қоймай қойған таныстырушы қызға «құдай-ау, зоопаркте жүрген жоқпыз ғой» дегің келеді.

 Мектеп асханасын кім көрінген тексеріп жүр…

– Шымкентте тұрғындардың балмұздақтан жаппай улануынан кейін тамақ пісіретін жеке кәсіпкерлерді тексеру күшейе түсті. Құдай-ау, тексерушілердің ішінде кім жоқ дейсіз?! Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін былай қойғанда, қоғам белсенділері,  журналистер, депутаттар, қоғамдық ұйымның мүшелері, қыл аяғы әлеуметтік желіде жоқтан бар жасап «жұлдыздай» жарқырап, бар сауаты екі сөзді бес қатемен жазуға жеткен блогерлер…

Бәрібір өмір ұнайды…

Гүлнар Салықбай, ақын:

Сені күту – балға бұрыш қосқандай,

Күлім қағып, күндіз Айды тосқандай…

Сені күту – жалынға мұз салғандай,

Қамшыменен осқандай.

Қазақ спорты: ХХ ғасыр. 1960-1969 жылдар

Қыдырбек Рысбекұлы:

– Республика спортшыларының ішінде үлесі тым аз болғанына қарамастан, қазақ жастары әр саладан атойлап шыға бастады. Иә, сол тұста қазақ спортшыларының дабысы күшті, бірақ Қазақстан ұлттық құрамаларындағы үлесі өте мардымсыз болғанын нақты мысалдармен келтіре кетейік.

    1959 жыл. Совет Одағы халықтарының ІІ спартакиадасы. Қазақстаннан қатысқан спортшылар саны – 393, қазақтар – 49.

   1963 жыл. Совет Одағы халықтарының ІІІ спартакиадасы. Қазақстаннан қатысқан спортшылар саны – 428, қазақтар – 44.

   1967 жыл. Совет Одағы халықтарының ІV спартакиадасы. Қазақстаннан қатысқан спортшылар саны – 510, қазақтар – 28.

     Иә, тұтас бір мемлекеттің негізін қалаушы әрі тамыры терең тарихы бар ордалы жұрттың өз топырағында осынша қорлыққа ұшырауы көзі ашық, санасы ояу азаматтардың жанына бататыны анық.  

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.