Павлодарда қар түгел еріп кеткен кезде тұрғындарды жер асты суы мезі қылуда.Екінші Павлодар деп аталып кеткен шағынаудан халқы бұған жол берген жергілікті билік өкілдері дейді. Су 200-ге жуық баспанаға кіріп кеткен.

Совет  кезінде бұл ауданда су сорғыш станциясы болған. Алайда, ол 9 жыл бұрын алынып тасталған. Сол-ақ екен, көшелер мен аулаларды су басқан. Жер асты сулары соңғы үш жылда үйлердің ішіне де кіре бастапты. Кесірінен баспаналардың жертөлесі мен қабырғалары жарылып жатыр.

Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

-Міне көктемнен бері осылай су басты. Үйге кірген су бастапқыда ортан белден келді.Басында 20 мың теңгеге сорған, енді қазір күнара машинамен сорғыздыртып отырамыз.Қабырғалар жарылып, үй іші сыз тартып кетті. Ауырып қалдық. Бақшамыз да суға толы. Ақыры пәтер жалдауға мәжбүр болдық. Бұлай жалғаса берсе, үйіміздің құлайтыны анық,- дейді Павлодар қаласының тұрғыны Сағындық САРБАСОВ.  

Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

Тұрғындар ескі болса да тәп-тәуір істеп тұрған су сорғыш станциясын бұздыртқан атқамінерлерді кінәлауда. Ал оның орнына бүгінде әлдебіреулер коттедж үйлер тұрғызып алыпты. Кейін жаңадан орнатылған су сорғыштан еш пайда жоқ көрінеді.

Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

-Былтырдан бері колледждің артында дренаж салып жатыр. Одан ешқандай бізге пайда жоқ. Оның су сорылып та жатқан жоқ. Колледж бен жатақханасының жертөлесі суға толып тұр.Ол жақты сормай тұрғанда біздің көшені қайдан сорады деп ойлап отыр. Үйдегі сыздың кесірінен балаларым, немерелерім жиі ауырады. Қызым тіпті асма демікпе ауруына шалдықты.Осының бәрін айтып қақсаудан жалықтық, бізге ешкім мән беріп жатқан жоқ, -дейді Павлодар қаласының тұрғыны Дәметкен СЫЗДЫҚОВА.

Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

Сандалған жұрт жағдайды айтып талай табалдырықты тоздырғанымен ештеңе өзгермеген. Төзімі таусылған тұрғындар ақыры Елбасының өзіне видео жолдау жазуға мәжбүр болыпты. Ал жергілікті атқамінерлер болса, жақын арада бәрі жақсарады деп кезекті рет сендіріп отыр.

 Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

-Сол аудандағы технологиялық колледж аумағында былтыр су сорғыш станциясы іске қосылды. Ондағы көлденең дренаждың ұзындығы 183 метр. Қазір жер асты суы коллекторға айдалып жатыр. Жақын күндері тереңдігі 20 метр ұңғыманы қазамыз.Кейін «Павлодаргидрогеология» мекемесі мамандарымен бірлесіп, осындай қанша ұңғыма қазу керектігін шешеміз, -дейді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Николай КАЗАНИН.

Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

Дүние-мүлкі бүлінген тұрғындарға қандай да бір шығынның өтелер-өтелмесі жөнінде ешкім ауыз ашпай отыр. Соған қарағанда жұрт жертөлелері мен қабырғаларын өз күшімен жөндейтін сыңайлы. Есесіне, жергілікті шенеуніктер бір ұңғыманы қазуға1 миллион 200 мың теңге бөліп қойыпты.

Фотолар автордікі.

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.