17 000 тұрғыны бар Ақадыр жұртшылығы күкірт қышқылын сақтайтын қойманы ашуға үзілді кесілді қарсы. Алайда, «Saryarka Copper Processing» компаниясы халықтың келісімісіз құрылыс жұмыстарын екі айдың көлемінде бастап кеткен.

Ақадыр ауылын күкірт қышқылымен улай ма?  (Видео)

12 мамыр күні 2018 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр аулының халқы митингіге шыққан болатын. Бүгін Шет ауданының әкімі Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ, «Saryarka Copper Processing» ЖШС-нің басышысы, облыстан келген экологтар жергілікті халықпен кездесті.

Адамға және қорғашаған ортаға зиянды затты тұрғылықты үйлерге 100 метр жерде салынып салынып жатқаны халықтың ызасын тудырды. Онсызда дерттен көз ашпайтын Ақадырлықтар қатерлі ісік пен түрлі аурудан ажал құшқан адам саны артып жатыр.Айтуларынша, соңғы бес жылда жүкті әйел өлімі мен шетінеген сәби саны артқан.  Онымен қоса, туа біткен науқас балаларда жиі дүниеге келетін болған.

Ақадыр ауылын күкірт қышқылымен улай ма?  (Видео)

«Мен барлық өмірімді науқастарды емдеуге арнаған жанмын. Соңғы бес жылда, Ақадыр ауылының тұрғындары арасында қатерлі ісі ауруы, тыныс алу мүшелерінің дері өршіп тұр. Өлі туған нәрестелер мен жүкті әйелдердің өлімі де артуда. Ертең мына жерге көмір қышқылын көмсеңіздер қалымыз мүкіл болады. Онсызда оңып жатқан жоқ. Соныдықтан, тұрғындармен бірігіп, Қарағанды облысы әкімі Ерлан ҚОШАНОВҚА үндеу жасадық»,- деп қарсылық білдірі зейнекер дәрігер Маран АХМЕТОВА.

Халық бір ауыздан құрылыс жобасын, тұрғындарға ашылмақ орындар бар дегенді тыңдамастан, қарсылық білдіріп, басталып кеткен құрылыс жұмыстарын өз қолдарымен қайта жауып тастаймыз деп айқайға басты.

«Күні түні еңбек етіп, екі келі картошкамыз бен екі келі сәбізімізді әрең жинап аламыз. Енді келіп сіздер халықтың ортасына келіп мынадай құрлыс салып жатсыздар. Какой план у вас, когда вы уже строите? Ертен біз барлық ауыл тұрғындарымен барып, жоспарларыңның астан кестенін шығарамыз. Кетіңдер, бізді жайымызға қалдырыңда», — деді ауыл тұрғыны Салтанат ТӘШЕНОВА.

Мәдениет үйіне жиналған жұрттың қарсылығын тыңдап қайтқан атқамінерлер енді Қарағанды облысына барып, бір шешімге келуі тиіс. Әзірге аудан басшысы басталып кеткен құрылыстың жалғасы болатынын нақты кесіп айта алмады.

Ақадыр ауылын күкірт қышқылымен улай ма?  (Видео)

«Халық күкірт қышқылын сақтайтын қоймаға қарсы. Біз елдің сөзін ести тұра қалай санаспаймыз? Барлығы видео, аудио күйінде тіркелді. Енді дөңгелек стол болады. Жиын құрып, кеңес жүргіземіз. Нақты қазір айта алмаймын. Эколог мамандардың да шешімін тыңдаймыз. Біздің міндетіміз жерді сату болатын. Ал, әрі қарай рұқсатамалар алыну керек. Соның бірі халықпен жүздесіп, олардың да ойын тыңдау. Айтылған тұрғындарыдың ойлары да ескеріледі», — деді Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов.

Ал, құрылыс салу жоспарымен халық алдынан өтуге келген «Saryarka Copper Processing» ЖСШ-нің  директоры Рустам ДҮСІПОВ қандайда бір пікір беруден бас тартты. Керісінше, БАҚ өкілдерін кінәләді.

Ақадыр ауылын күкірт қышқылымен улай ма?  (Видео)

«Ешқандай зауыт ашылмады. Әуелі жобаланған жоқ қой. Бір қойма, бір резеруар. Соған бола осыншама адам жинадыңдар. Бұны ұйымдастырған сендер», — деп қықса қайырды «Saryarka Copper Processing» ЖСШ-нің басшысы.

Фотолар және видео автордікі.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.