Никол Пашинян Армения үкіметін басқарғандар арасында ең аз табыс табатын премьер министр болып отыр. Бұл жөнінде «Паст» армян газеті жазады. 

Саясаткердің табыс туралы декларациясына сілтеме жасаған басылым өткен жылы Пашинянның табысы шамамен 16 мың АҚШ долларын құрағанын айтады. Ол 12 мың долларды депутат жалақысы ретінде алған.

Басылымның жазуынша, Армения премьер-министрі мен оның әйелінің құнды қағаздары, шетелде активтері немесе банк есепшоттары, сонымен бірге жылжымайтын мүлкі жоқ.

Никол Пашинян Армения үкіметін 8 мамырдан басқарып келеді. Ол бұл қызметке сәуір айынын ортасында басталып, елдің барлық өңірін қамтыған жаппай қарсылық шараларынан кейін келді. Наразылық шеруінен кейін елді он жылдан астам уақыт басқарған Серж Саргсян отставкаға кеткен.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.