Қуандық Шамахайұлы: Біздің елдің бренді өтірік

1608

Бізде керемет бір өтімді тауар бар екен. Пайдасы да қомақты. Бірақ ол əркімнің қолынан келмесе де оған машықтанғандар бар. Ана жылы министр болған бір жігіттің атасын сұмдық ақын болды деп кітап жазған бір көкеміз еңбек сіңірген қайраткер болып олжаға қарық болды. Тағы бір жазғыш қолында құзіреті барлардың ата-бабаларынан батыр, би-шешен іздеп қатты шаршап жүр. Бірақ ол ештеңе таппаса да кітап жазатыны анық. Сыйақысын да, атағын да, пəтерін де міндетті түрде алады. Ендеше біздің елдің бренд тауары — өтірік емей немене?! Ал, «өтірік өрге жүрмейді» деп айтып кеткен аталарымыз бүгінгі күнді көзбен көрсе қатты қателескенін мойындап кешірім сұрайтын шығар.

Материал автордың facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынып,  рұқсатымен жарияланды. 

Фото: facebook.com

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.