Мамырдың 21-і Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі мен “Алтын орда” бизнес-клубының өкілдері Ақтөбе облысында автобус өртінде қаза тапқан азаматтарды еске алып, 52 ағаш отырғызды. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

“Қайғылы оқиға болған күні Қазақстан үкіметі және тұтас халық бізге көмектесті. Қазақстанның құзырлы органдары елде қажетті шаралардың барлығын жасады. Бүгінгі шара – екі ел арасындағы абыройлы достықтың көрінісі. Бұл туралы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына айтуға міндеттеміз” — деді Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидкрам Ниязходжаев.

2018 жылы 18 қаңтарда Самара – Шымкент бағыты бойынша жолға шыққан жолаушылар автобусы Ақтөбе облысындағы Қалыбай елді мекенінің маңында өртенген. Қазақстандық биліктің дерегінше, автобуста болған 57 адамның 52-сі көз жұмған. Олардың барлығы да Өзбекстанның Наманган облысының тұрғындары. Өлген азаматтардың жасы 19-41 аралығында болған.

Сәуір айының аяғында Ақтөбе қаласындағы сот ұсталған автобус жүргізушісінің қамау мерзімін бір айға ұзартты.

Қазақстандық билігінің болжамынша, өрт «отқа салғырт қараудан» шыққан. Тергеу органдарының дерегінше, автобуста салонды жылыту үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы болса да, дәнекерлейтін шам қолданылған.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.