21 мамырда Тәжікстан астанасы Душанбеде ондаған адам Иран елшілігінің алдына жиналып, Тәжікстанның Ислам жаңғыру партиясы мен Иранның саясатына қарсы ұрандар тастап айғайлаған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, наразылық шарасы жарты сағатқа созылған. Оған елуге жуық адам қатысқан. Демонтрацияға қатысушылар қолдарына Иран мен «Иран қолдау жасап отырған» Тәжікстанның Ислам жаңғыру партиясын сынаған транспаранттар ұстаған.

Қалалық милиция журналистерге оқиға орнына жедел топты жөнелткенін айтқан.

— Наразылық шарасы рұқсат етілмегендіктен тарқатылды. Милиция қызметкерлері акцияның бірнеше қатысушысын ұстады. Олар түсініктеме жазғаннан кейін үйлеріне жіберілді, — деді милиция өкілі.

Рұқсат етілмеген митингке шыққан адамдардың кім екені және оны кім ұйымдастырғаны белгісіз. Иран елшігі журналистерге наразылық жасаушылардың алдына шықпауды ұйғарғанын, олардың қандай мақсат көздейтіні белгісіз деп жауап берген.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.