Атырау қаласында екі жасөспірім көпқабатты үйдің 15-ші қабатынан шахтаға құлап, мерт болды деп хабарлайды қалалық азаматтық қорғау басқармасы. Оқиға Алмагүл шағын ауданында 21 мамыры күні түнде болған. Ресми ақпаратта оқиғаны бақытсыз жағдай деп атап отыр.

— Байқаусызда жүк лифтісінен шахтаға құлап, бірі — 14 жастағы жасөспірім көз жұмды. Екінші жасөспірім кейінірек облыстық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды, — деп хабарлады басқарма.

Жүк лифтісінің істемей тұрғаны айтылады. Тұрғындардың айтуынша, шахтада лифт жоқ, есіктері дәнекерленіп тасталған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Өткен айда Ақтөбе облысында лифтісі тозған көпқабатты үйде журналист Айзат Әбдісамат қайтыс болған. Бұл оқиғадан соң Ақтөбе билігі бірқатар тексерулер бастаған.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.