Белгілі айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ қуғындағы оппазициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВПЕН тағы да «айтысқа» түсті. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ шаппа-шап айтысқа шақырып жүрген Мұхтар Қабылұлының шындық айтатын айтыскерге қашан жауап беретіні белгісіз.

Yutube.com желісіндегі өз каналына эфирге шыққан Ринат Зайытов Мұхтар Әблязовтың ұры екенін дәлелдейді. Kegoc-ты басқарған кезін айтады. Айтыскердің сөзіне сенсек елдегі несиенің пайызын үлкен еткен Мұхтар Әблязов екен. Айтпақшы, айтыскер 10 мамыр күнгі «саяси тұтқындарды босатуды талап еткен» митингіге қатысты өлеңмен өз ойын білдіреді. Түсінгеніміз алаңға шыққандар Әблязовтың айдауымен шыққан екен.

 

Бірді айтып, бірге кетіп жатырмыз, әңігме Әблязовтың ұры екендігі жайлы еді ғой. Ринат Зайытов Әблязовтың ұры екенін суреттер арқылы дәлелдеді. Ол Араб мағрипатында соғысып жүрген діни экстремисттер, М. Әблязов және АҚШ-тың бұрыңғы президенті Барак ОБАМАНЫ бір сапқа тұрғызды. Қысқасы, айтыскер ақынның сөзінше экс-президент Барак Обама әлемге қастандық жасапты.

Коллаж: zhasalash.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.