“Сеть” ісі бойынша айыпталушы жаңа азаптау туралы айтты

66


Ресейде «Сеть» тобына қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы Дмитрий Пчелинцев өзін «ФСБ қызметкерлерінің азаптағаны туралы шағымынан бас тартқызу» үшін тағы да азапталғанын айтқан. Ол бұған дейін тергеу органдарына берген жауабынан да бас тартқан еді. Бұл туралы ресейлік «Новая газета» сайтына сілтеме жасаған Азаттықтың орыс қызметі хабарлайды.

Өткен жылы «терроризм» айыбы бойынша қазан айында ұсталған Пчелинцев бұған дейін ФСБ қызметкерлерінің өзін мойындату мақсатында азаптағанын мәлімдеген. Екі айдан соң Пчелинцев азаптау жайлы адвокатына айтқан. Алайда 14 ақпанда “анархистер ісіне” қатысты құқық қорғау ұйымдарының баспасөз жиыны қарсаңында өзінің азаптау туралы айтқан сөздерінен бас тартқан.

Адвокаттың айтуынша, оны азаптау туралы шағымынан бас тартқызу үшін ФСБ қызметкерлері тағы да қинап азаптаған. Электрошокер қолданған. Олар сонымен бірге оның жолдасына да күш қолданамыз деп қоқан-лоқы жасаған.Пчелинцев және тағы жеті азаматқа “террорлық әрекет жасады», «терроризмді ақтап, қолдауды” көздейтін топ құрды деген айыптар тағылып отыр. 

«Сеть» тобына қатысты іс бойынша қазіргі кезде 9 адам қамалған. Олардың арасында Қазақстан азаматы, Петропавлда туылған 24 жастағы Виктор Филинков та бар.

Бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті ФСБ қызметкерлерінің өзін азаптағаны жөнінде шағымы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

21 мамырда оның адвокаты Виталий Черкасов Филинковтың қамау мерзімі ұзартылғанын хабарлады.

Виктор Филинковқа Ресей қылмыстық кодексінің 205.4-бабы 2-бөлімі — “террорлық қауымдастыққа қатысу” бабы бойынша айып тағылып отыр. Сәуірдің 4-і күні оған Қазақстан консулы кірді.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.