Елордада табиғат шәлкез мінезін танытты. Долы дауыл ондағы бірнеше ғимараттың шатырын жұлып, ұшырып әкеткен. Желі қолданушылары қираған нысандардың суреттері мен видеоларын қазір жарыса таратып жатыр. Бұл туралы qazaqtimes.com сайты хабарлайды.

Таң ата Астанада толассыз нөсер құйып, соңы дауылға ұласқан. Кей жерлерде бұршақ жауыпты. Салдарынан кейбір сауда орталықтарының, ұлттық мұражай  мен №3 мектептің шатыры бүлінген. Одан бөлек, қатты жел құрылыс кранын ұршықша иіріп әкетіпті. Мамандар әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ дейді.

Опубликовано Talgat Kaliyev 22 мая 2018 г.

Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.