Мамырдың 22-сі күні түстен кейін Астанада қатты жел тұрып, соның салдарынан Түркістан көшесіндегі мұнара краны құлап, Бейбітшілік және келісім сарайының витраж шынысы зақымданған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, бұдан бөлек қаладағы ұлттық мұражай алдындағы плиталар зақымданып, Мичурин кентіндегі №3-ші мектептің, жеке үйдің шатырлары ұшып кеткен.

— 112 қызметіне зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық мәліметті бақылауда ұстап отырмыз, — деді Руслан Иманқұлов Азаттық тілшісіне.

22 мамыр күндіз қалада бұршақ аралас жаңбыр жауған.

Әлеуметтік желі қолданушылары дауыл туралы видеолар салып, суреттерімен бөлісуде.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.