вице-министр Асхат Аймағамбетов

Қарағанды облысының мұғалімдері  жылдың басында үкімет уәде еткен 30 пайыздық үстеме ақыларын әлі ала алмай жүр. Редакциямызға келіп түскен шағым хатта жазылған осы деректердің растығын Білім және ғылым министрлігі мойындады.

Бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізген вице-министр Асхат Аймағамбетов мұғалімдер үстеме айлықтарын кейбір жауапты қызметкерлердің салғырттығынан ала алмай жүр деді.

Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы жағдайды кеше ғана талқыладық. Бұл ауданда да ұстаздар үстеме айлықтарын алмаған. Алайда мұнда жергілікті жерде, аудандық деңгейде кейбір жауапты қызметкерлердің салғырттығынан шешім қабылдау кешіктірілген. Шешім шығаруларына шығымданамыз,– деді А. Аймағамбетов.     

Ал Алматы облысы Іле ауданындағы мұғалімдерден Өтеген батыр ескерткішіне белгісіз біреулер ақша жинаған. Тілшілердің сұрақтарына жауап берген вице-министр Асхат Аймағамбетов  ұстаздардың министрлікке шағымданғанын жеткізді. Министрлік басшылары дереу қызметтік тексеру жүргізіп, ұстаздардан ақша жинатқандарды сол сәтте анықтапты. Ол немесе олар білім саласына мүлдем қатысы жоқтар екен. Мұғалімдерді ақша жинауға мәжбүрлеген мектеп директоры болмаса, білім басқармасы болмаса, сонда кім екенін вице-министр ашып айтпай қойды.  

Бұған білім саласы қызметкерлерінің қатысы жоқ. Сондықтан, ақша жинаған мұғалімдер өздерін мәжбүрлегендердің үстінен шағым түсіру керек. Сонда, тиісті орындар шешім шығарады,–деп салды вице-министр Асхат Аймағамбетов.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.