Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің басшысы Ли Ен Хо АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 маусымға белгіленген кездесуден бас тартуы оған “келіспейтін қылық” деп мәлімдеді.

Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында Трамптың Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынға ашық хаты және оны беру мәнерін “тұтас құрметсіздік” деп атады.

— Солтүстік Корея мұны (ядролық қарудан бас тарту — Азаттық) өз еркімен жасап отырғанын көрсету үшін бар күшін аямады, осы аптада Пунгери ядролық полигонының жойылуын қоса есептегенде, — деп жазды Ли Ен Хо.

Ол мамырдың 25-і Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Дональд Трамптың хатына байланысты жауап айтатынын да жеткізген.

АҚШ президенті бейсенбі күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға ашық хат жолдап, онда Сингапурда 12 маусымға белгіленген саммит болмайтынын айтып, Солтүстік Кореягың “ызалы және дұшпандық риторикасына” өкініш білдірген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.