Немістің «11FREUNDE» футбол журналы Ресейде өтетін әлем біріншілігіне арнап арнайы нөмірлерін шығарды. Басылым мұқабасы Владимир ЛЕНИН, Карл МАРКС, Фридрих ЭНГЕЛЬС суреті бейнеленген плакат сынды шыққан.

Алайда, коммунизмнің үш идеологының орнына Германия құрамасының бас бапкері Йохим ЛЕВ және футболшылар Матс ХУММЕЛЬС пен Месут ӨЗІЛДІҢ суреттері салынған. Әлемнің төрт дүркін чемпиондары Ресейдегі доп додасында алғашқы матчты 17 маусым Мексикаға қарсы өткізеді. Содан кейін Швеция (23 маусым) және Оңтүстік Корея (27 маусым) футболшыларымен бәсекеге түседі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.