АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Украинаға әскери көмек ретінде 250 миллион доллар беруді қолдады. Заң жобасы қорғаныс саласы бойынша ұшу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуді қарастырады. Бірақ құжатта қарудың нақты түрлері көрсетілмеген.

Өкілдер палатасының қолдауына қарамастан құжатты сенат қарап, мақұлдауы тиіс. Президентке қол қоюға жіберілмес бұрын заң жобасының екі нұсқасын біріктіру керек болады.

Бұған дейін АҚШ Киевті снайперлік винтовкалар мен танкке қарсы Javelin зымыран кешендерімен жабдықтаған. Мұндай 37 кешен орнатуды ұйғарған.

АҚШ-пен өзара келісімге сәйкес, Украина армиясы Javelin кешенін Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қарсы қолданбауы тиіс.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.