Төрт жылдан бері бір шақалаққа зар болған Горх отбасы бірден төрт баланың ата-анасы атанды. Регина жүктіліктің бірінші кезеңінде егіз күтіп отырсыз деген қуанышты хабар естіген. Жас анасың қуанышы жүктіліктің екінші кезеңінде (триместр) еселене түскен. Дәрігерлер екі емес, төрт сәбиді күтіп отырғанын хабарлаған. Сондан бері дәрігерлердің бақылауында болған Регина ГОРХ  бүгін аман есен перзентанадан шықты. Үш ұл, бір қызды дүниеге әкелген келіншектің анасы егіздің сыңары екен.

Қарағандыда төртем дүниеге келді

«Менің анам егіздің сыңары. Алғаш қуанышты хабарды естігенде есімнен танып қала жаздадым. Әрине, қуаныш қой. Әлбетте, уайым да, үрейде болды. Себебі, бір баланы дүниеге әкелудің оңай емес екенін мен жақсы түсінем. Ал, менде бірінші жүктілігімде бірден төртеу. Дәрігерлерге де ризалығым шексіз. Тек бір баламның қолы қысқа. Дәрігерлер оны жүктілік кезінде де айтқан-ды.Қысылып қалған болу керек. Ең бастысы сәбилерім аман есен»,- деген жас ана алдағы қиындықтарға да төземін деп отыр.

Қарағандыда төртем дүниеге келді

Горх отбасы Қарағанды облысы, Саран қаласында бір бөлмелі пәтерде  тұрады. Ал, сәбилердің әкесі Николай ГОРХ  жеке фирмада қарапайым жұмыскер. Жалақысының аздығына қарамастан, отбасым үшін тер төгуге дайынмын деп отыр.

Қарағандыда төртем дүниеге келді

«Аядай бір бөлмелі баспанамыз бар. Көңіл сиса барлығы сияды. Балаларымды асырау үшін барымды саламын. Қиындықтар болады, дегенімен сәбилердің дүниеге келуінен басқа маңызды ештене жоқ. Туыс бар, ел жұрт бар дегендей көмектесеміз деп қол ұшын созушылар  көп. Сондықтан,  еш алаңдамаймын. Ең бастысы балаларымның денсаулығы»,- дейді отағасы.

Қарағандыда төртем дүниеге келді Дәрігерлер жүктілік барысында қиындықтардың болғанын жасырмады.  Регина төрт емді өз мерзімінен ерте туған.  Сондықтан, жетілмеген сәбилердің өмірмен арпалысқан мамандар бір келіден асқан балалардың тірі қалулары екі талай еді дейді.

Қарағандыда төртем дүниеге келді

«Мынадай салмақпен дүние есігін ашқан сәбилер перзентханада екі айдан аса жатты. Әрине, қиындықтар болды. Ұлдардың салмағы 1келі 800 граммнан аса болса, Эмма атты қыз бала 1 келі 200 гр ғана болды. Барлық қиындық сол нәрестеге түскен. Қазір көзіне ота жасадық.  Ал, ұлдардың бірінің қолы қысқа. Ол қысылып қалғандықтан жетілмей қалған болу керек. Алайда, барлығы жақсы болады»,-  деді Қарағанды облыстық Перинатал орталығының директоры Сәуле АМАНБЕКОВА.

Саран қаласына аттанған жас ана мен сәбилерді енді жергілікті емхана дәргерлері қадағалауына алады.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.