Ресейлік олигарх әрі «Ренова» тобының иесі Виктор Вексельберг Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне ресми кірісерден 11 күн бұрын оның адвокатымен кездескен. Бұл туралы газета New York Times газеті америкалық хабарлады. Басылымның жазуынша, Вексельберг пен Трамптың адвокаты Майкл Коэн Ньй-Йорктегі Trump Tower ғимаратында кездескен. Екеуінің кездескені туралы CNN телеарнасы мен Reuters агенттігінің дерек көздері де растаған.

Вексельбергтің немере бауыры Эндрю Интратердің New York Times басылымына айтуынша, Коэн мен ресейлік бизнесмен АҚШ-Ресей қатынастарын жақсарту мүмкіндігін талқылаған. Кейін олар Вексельберг шақырту алған Трамптың инаугурациясында да кездескен.

Оқи отырыңыз: Ресейге қатысы бар фирма Трамп адвокатын неге жалдаған?

New York Times басылымы Трамптың инаугурациясынан соң бірнеше күн өткенде Интратердің Columbus Nova инвестициялық компаниясы Коэнмен консалтинг қызмет көрсету туралы құны бір миллион доллардың келісімін жасасқан. Қазір ол келісімді АҚШ тергеушілері тексеріп жатыр. Интратер Вексельбергтің әлгі келісімге қатысы жоқ деп сендіруге тырысады деп жазады газет. Ол сонымен бірге, егер Коэннің іс-әрекеттері тергеуге ілік боларын алдын ала білгенде, оны Вексельбергпен таныстырмас едім және оның қызметін пайдаланбас едім деп айтқан.

Сәуірдің 6-сы күні Виктор Вексельберг пен «Ренова» тобы АҚШ қаржы министрлігінің санкциясына іліккен. Сәуірдің 9-ында АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) Коэннің кеңсесінде тінту жүргізген. New York Times басылымының деректері бойынша, арнайы қызмет тергеу жүргізіп жатқан материалдардың бір бөлігін 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы туралы істі тексеріп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллерден алған.

Мамырдың басында Мюллер жетекшілік ететін топтың қызметкерлері Нью-Йорк әуежайында Виктор Вексельбергпен кездесіп, сауалдар қойғаны туралы бұған дейін хабарланған. Сол кезде New York Times журналистері тергеушілер ресейлік олигархқа Columbus Nova компаниясының адвокат Коэнге төлеген және Интратер компаниясының АҚШ республикалық партиясы мен Трамптың инаугурациясына қайырымдылық көмегі ретінде бөлген қаржыға қатысты сауалдар қойған деп жазған болатын.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.