Қырғызстанда KAZ Minerals Bozymchak компаниясы бас директоры Ілияс Түлекеев ұсталған. Бұл туралы сенбі күні хабарлаған қырғызстандық басылымдардың дерегінше, оны Бішкек әуежайында ұстаған. Түлекеевтің ұсталғаны туралы ақпаратты KAZ Minerals компаниялар тобының корпоративтік байланыстар департаменті растаған.

«[Ұсталғанын] растаймын. Біз тағылған айыптарды түсіну үшін ресми ұйғарымды күтіп отырмыз. Уәкілетті орган 48 сағаттың ішінде ондай ақпарат беруі тиіс», — деп мәлімдеген tengrinews.kz сайтына департамент өкілі.

Қырғызстандық Kaktus.media жаңалықтар сайты мамырдың 26-сы күні кешке аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап, Түлекеевті Бішкектің тергеу абақтысына қамағаны туралы хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған «Коммерциялық немесе өзге ұйымдар қызметкерлерінің өкілеттігін теріс пайдалануы» бабы бойынша айып таққан. Бұған қоса оның салықтан жалтарған деген күдікке іліккені туралы хабарланды.

БАҚ ақпараты бойынга, Ілияс Күлекеев KAZ Minerals Bozymchak компаниясы құрылған күннен бастап оны басқарып келеді. 2007 жылы жұмысын бастаған «Казахмыс Голд Кыргызстан» компаниясының атауы 2015 жылғы қазанның 31-і күні KAZ Minerals Bozymchak болып өзгертілген. KAZ Minerals PLC тобына кіретін компания Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданындағы Бозымчак кен орнында геологиялық барлау жұмыстары және мыс-алтын өңдеумен айналысады, сонымен бірге кен орнын пайдалануға қажетті өзге де лицензияларға ие.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.