Адамзат баласынан Айда болғандардың бірі – америкалық астронавт Алан Бин 87 жасында АҚШ-та қайтыс болды.

АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) астронавтар тобына іріктеп алғандар арасында әскери ұшқыш Алан Бин де болған. Ол 1969 жылы NASA агенттігінің Apollo 12 миссиясы құрамында ғарышқа ұшып, Айға табаны тиген төртінші адам ретінде тарихқа енді. 1973 жылы Бин Skylab орбиталық станциясына аттанған NASA экспедициясын бастап екінші рет ғарышқа ұшқан. Алан Бин ғарышта жиыны 70 тәулікке жуық уақыт болған.

1980 жылы Алан Бин NASA агенттігінен кетіп, сурет салумен айналысқан. Ол ғарыш тақырыбына суреттер жазған. NASA директоры Джим Брайденстайн Бинді шекараларды тұңғаш ашқан адам деп атаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.