Ақмола облысында сақталып тұрған суық ауа райы төтенше жағдайларға әкеп соқтыруда. Демалыс күндері кей аудандарда  күн суытып, тіпті қар жауған болатын. Салдарынан Астана-Петропавл және Алматы-Екатеринбург тас жолдарында ірі жол көлік оқиғасы орын алып, бірнеше адам ажал құшты.

Бурабай ауданының аймағындағы тас жолда келе жатқан «Hyundai Grand Starex» көлігінің жүргізушісі көктайғақтан  рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған көлік инспекциясы бекетіне соғылып, екі адам оқиға орнында көз жұмса, тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі дене жарақаттарын алған төртеуі Щучье қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ал, жүргізуші уақытша тергеу изолятарына қамауға алынған.

Екінші оқиға «Алматы-Екатеринбург» тас жолында таңғы 10-40 шамасында болды. «Volkswagen Transporter» көлігін тізгіндеген Астана тұрғыны жүк көлігіне соғылып қалған. Нәтижесінде, жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішінде болған екі жолаушы сол жерде көз жұмды.

Көкшетауда көктайғақтан алты адам өлді (видео)

Volkswagen Transporter»  көлігінің жүргізуші Астрахан ауданына қарасты Колутон селосынан 15 шақырым асқанда, түнде жауған қардың кесірінен көлікті тізгіндей алмай, жүк көлігіне соғылған. Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының үшінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,– дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.  

Фотолар: syr-media.kz және автордікі.  

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.   

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.