Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан 28 мамырда Ереванда Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацакянмен кездесті. Ле Дриан бұдан бір күн бұрын Францияның Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ аймағына қатысты дауды реттеуге белсенді кірісу ниеті барын жария еткен.

Ереванда өткен кездесуден соң баспасөз конференциясын өткізген Мнацканян Франция президенті Эммануэль Макрон биыл күзде Ереванға Армения басшылығымен келіссөз жүргізуге келетінін жариялады. Мнацканян Ле Дрианмен кездесуінде Макронның алдағы сапарын талқылағанын айтты.

Кавказ елдеріне сапарлап жүрген Ле Дриан Париж «Ереванға демократия орнатуға көмектесетінін» мәлімдеді. Ле Дриан 27 мамырда Бакуге сапарында Францияның алдағы айларда «Ереван мен Баку арасындағы Әзербайжанның жікшіл Таулы Қарабақ аймағы бойынша дауды «реттеу жолдарын іздестіретінін» мәлімдеген. Ол қазіргі жағдайда дау шешілмейтінін, «Франция аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға» тырысатынын айтқан.

Ереван бұған дейін аймақ дауын шешу келіссөзіне Таулы Қарабақтағы этникалық армяндар да қатысуы тиіс екенін бірнеше рет мәлімдеген. Баку мұндай ұсынысқа қарсы.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.