Нобельге ұсынудың басқа жолын көрсетті 

Он жылдан астам уақыт неше рет ұсынылса да, Нұрсұлтан Әбішұлына Нобель иегері атану бұйырмай келеді. Президентті Нобельге тағы да ұсынудың ретін таппай жүргендер болса, Олимжон ака оларға жол көрсетіп отыр. Яғни Н.Назарбаевты бейбітшілік саласындағы Нобельге ғана емес, химия, физика, әдебиет саласы бойынша да ұсынса болады.

Көшербаев Астана тойына шыны апара алмайды

 Жақында президенттің жарлығымен Қырымбек Елеуұлының өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап, 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. Яғни президент шыны зауытының құрылысы бітіп, алғашқы өнімі шықпайынша, Көшербаевқа ешқайда көшпейсің деген сияқты. 

 Сұхбат

Владимир Козлов: Әблязов қамалғандарға адвокат тартып, қорғай алмайды

–Әблязов оларға «митингіге шықсаңдар 10 доллар беремін» деп сатып алып жатқан жоқ. Рас, бұл адамдардың арасында мұның салдарын түгел ұғынып үлгермегендер бар, бірақ ұсталсам да, наразылыққа шығамын деп бекінгендер де жоқ емес. Қалай болғанда да наразылыққа мұның себеп-салдары мен жауапкершілікті терең ұғынатын адамдар ғана шығуы керек. Әблязов бұған адвокат тартып, оларды қорғай алмайды

Жаңғыру

Мен қалай рухани жаңғырдым

Тұрарбек Құсайынов

«ҚҰРАНШЫЛАР»   

–2017 жылдың соңында Рига қаласында қайтыс болған Асылбек Мусин әу бастан  «құраншы» болған жоқ. Ол да мен сияқты талай рет трансформациядан өткен адам…  

Сәләфизм  – Сауд Арабиясының ресми діні. Ал ҚМДБ  – Қазақстанның дін мәселесі бойынша халықаралық аренадағы өкілетті органы іспетті ұйым. Оның үстіне қажылық және басқа да діни жоралғылар бойынша ҚМДБ Сауд Арабиясымен тығыз жұмыс жасайды. Халықаралық саясат жөнінде шұбыртпалы әңгіме соңында Әбсаттар Дербісәлі: «Исмаил, «Ізгі амал» да ҚМДБ-мен тең құқылы қоғамдық ұйым. Сәләфизммен және басқа да радикалдармен сендер күресе беріңдер, мені қолдайды деп есептеңдер», – деді.

 Руханият

Тұмаға…  асыл аға, жыр аға

Жанар Әбдішова

Ақиық ақын Тұманбай Молдағалиевтің өзінің жырлап өткен, сүйіп өткен, ән арнаған, ғашық болған, туған үйі болған Алматы қаласында ақынның атында не бір көше, не бір ескерткіш жоқ екен. Тұмағаның асқақ бейнесі «Арбатта» тұрса, сол жерге жақын орналасқан Гоголь көшесі Тұмағаның атына ауыстырылса, жарасып тұрмас па еді!?

Спорт

Елдос Токиоға сапарын бастады

Қытайдың Хух-Хото қаласында дзюдодан  әлемдік гран-при кезеңі мәреге жетті. Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жапон Юма Ошиманы қосымша уақытта – («голден скор») вазари ұпайымен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Бразилия дзюдошысы Пелим Фелипені иппон ұпайымен ұтып, финалға шықты

 Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.