Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Қарағандыда 20 адамның астан қалай уланғанын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, ауызашар дастарханына шәй дәмі бес күн бұрын сатып алынған. Тез бұзылатын тәтті дәмдер дұрыс сақталмаған. Ал ет  таңертең пісірілген. 

-Меймандардың айтуынша, еттен аздап жағымсыз иіс шыққан. Жылқы еті жасылдау көрінген. Уланған адамдар тексерілді. Екі адам реанимацияда жатты. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлықтай. Қауіпті жағдай жоқ,- деді Ж.Бекшин. 

25 мамыр күнгі ауызашардан кейін жиырма адамның дене қызулары көтеріліп, құсып, іштері ауырған. Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түскен. Ас берген үйдің бес жасар қызы да жансақтау бөліміне жеткізілген. Қонақ күтеміз деп ыңғайсыз жағдайда қалған үй иелері бар пәле Қарағанды базарының бірінен алынған еттен келді деп күдіктенеді.

-Қонақтар негізінен ет жеді, еттің қамырын жеді. Бала-шағаға да ет жеді.  Етті  «Шығыс» базарынан алған едік. Тексеріске қойылса, жақсы болар еді» – дейді үй иесі Құндыз Ақеділова.

Ауызашарға барамыз деп ауруханадан шыққан 20 адамның 4-уі бала. Дәрігерлер науқастарды жан-жақты тексеріп жатыр. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.