«Арыстанжүректілер» мен «Арландар»

48

«Астана Арланс» командасы 13 мамыр күні Ұлыбританияның Шеффилд қаласына ат басын тіреді. Мұнда отандастарымыз 17 мамыр күні WSB аясындағы жартылай финалдық алғашқы кездесуін жергілікті «Бритиш Лайонхөртс» командасымен өткізеді.

Топтық сында «Арландар» С тобының үздігі болды. Отандастарымыз 6 кездесудің бесеуінде жеңіп, біреуінде ғана есе жіберді. Алты кездесуде «арландар» 30 жекпе-жек өткізді. Соның 23-інде жеңімпаз атанды, 8 кездесуде жеңілді. Жеке рейтингте Теміртас Жүсіпов 49 келі салмақтың көшбасшысы болып тұр. Ол үш қарсыласын да еркін еңсерді. 75 келіде Аманқұл Әбілханның да бәсі жоғары. Ол да үш қарсыласын жеңген мықтылар санатында.

Ал «Бритиш Лайонхөртс» В тобында көш бастады. Ол 16 ұпай жинады.

Жартылай финалдағы алғашқы кездесу Шеффилдтегі «Пондс Форж Интернешнл» спорт кешенінде өтеді. «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков өнер  көрсететін бес боксшыны атады. Сонымен, жартылай финал жұптары мынадай:

49 келі. Галал Яфай – Теміртас Жүсіпов
56 келі. Ниал Дин Фаррел – Ілияс Сүлейменов
64 келі. Далтон Смит  – Ділмұрат Мижитов
75 келі. Бенжамин Уитакер  – Әбілхан Аманқұл
91 келі. Чавон Кларк – Арбек Әбдуғаниев.

Қарымта кездесу 26 мамыр күні Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді. Екінші жартылай финалдағы «Франс Файтиң Рустерс» пен «Куба Домадорес» 18 мамырда – Парижде («Салле Уаграм»), 25 мамырда Гаванада («Колизео Сюдад Депортива») кездеседі.

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.