Брюссель соты АҚШ-та Қазақстан Ұлттық қорының 21,5 миллиард доллар активін алдын ала бұғаттан босату туралы шешім шығарды деп хабарлады Қазақстан Әділет министрлігі. Ведомствоның 30 мамыр күні таратқан ақпаратына қарағанда, Бельгия соты Ұлттық қордың бұғатталған қалған 530 миллион доллар активін Ұлыбритания соты бұғаттан босата алады деген қаулы шығарған.

Қазақстан билігі Ұлттық қор активінің қалған бөлігін бұғаттан шығару үшін Ұлыбританияда тиісті жұмыс істемек. 

Былтыр желтоқсанда New York Mellon банкі молдовалық бизнесмен Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысын бұғаттағаны жария болған.

Кейін Астана АҚШ банкінің Ұлттық қор активін бұғаттағанына наразылық білдіріп, Англия Жоғарғы сотына талап-арыз түсірген.

Қаңтар айында Қазақстан билігі Нидерланд соты Қазақстан Ұлттық банкінің «Ұлттық қордың New York Mellon банкіне кастодиалды сақтауға салынған активін бұғаттан босату туралы» талап-арызын қанағаттандырғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Бұғатталған 22 млрд доллардың салдары қандай болмақ?

Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салған Стати мемлекеттік органдар өзін «инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын» айтады. Астана бұл айыптауды терістеп, Статиді «алаяқтық жасады» деп айыптайды. Әділет министрлігінің хабрламасында Қазақстанның бұған дейін Статиге қарсы арыз түсіргені айтылады.

Оқи отырыңыз: Статидің Маңғыстаудағы даулы мүлкін кім иеленді?

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.