Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады.

“Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасын мәжіліс өткен аптада мақұлдаған. 

Бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев заң жобасының қабылдануы “Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік беретінін айтқан.

Заң жобасы бойынша Қауіпсіздік кеңесі төрағасына қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, Қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру өкілеттігі берілмек.

Оқи отырыңыз: Бүкіл билік Қауіпсіздік кеңесінің өмірлік төрағасына беріле ме?

Заң жобасында қауіпсіздік кеңесінің мәртебесі қайта қаралған — кеңес консультативті-кеңесші органнан конституциялық органға айналады. Жобада Қауіпсіздік кеңесіне елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету ғана емес, «ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғау» жауапкершілігін де жүктеуді ұсынады.

Құжатқа сай, Қауіпсіздік кеңесінің құрамын президент кеңес төрағасының келісімімен жасақтайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.