Бүгін  Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылында совет өкіметінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жиыны болды. Оған құрбан болғандардың ұрпақтары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Алматы облысының әкімі Амандық БАТТАЛОВ және көпшілік қауым қатысты.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Жиынға 15 минут кешігіп келген Алматы облысының әкімі баяндамасын қағазға қарап жасап, жақсы жаңалығымен де бөлісті. 4000 мыңнан аса боздақтардың сүйегі жатқан Жаңалық ауылында музей ашылатын болады.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Жиында құрбандарды еске алу үшін 1-минут үнсіздік жарияланып, марқұмдарға құран бағышталды.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Жаңалық ауылына 20 ғасырдың басында 4219 адамдың мүрдесі жерленген. НКВД қызметкерлері 30-жылдары күніне 40-50 адамның сүйегін төгіп отырырыпты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы саяси репрессия құрбандарына ескерткіш орнатып, жыл сайын жазықсыз жандардың рухына тағзым жасалады.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Бұл қорымда тек қазақ азаматтары ғана емес, алыс-жақын шет елдің азаматтары да жатыр.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Сол бір зұлмат жылдары ұлтымыздың аяулы ұлдары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулат, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлиндердің өмірі қиылды.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылады

Фото: zhasalash.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.