Ленин көшесінің аты өзгереді

1640

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Семейге келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем НҮСІПОВА баяндамасын қағазға қарап, Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде жасады.

Совет үкіметінің құрбандарын еске алу шарасы  Әлихан БӨКЕЙХАН ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды. ШҚО-ның білдей идеология саласына жауапты Әсем Бекқызынан  бір ғана жағымды жаңалық естілді. Ескерткіш тұрған Ленин көшесі бұдан кейін «Мәңгілік ел көшесі» болып аталатыны Үкіметтік деңгейде оң шешімін тауыпты.

Бұдан кейін жоспар бойынша өлкетану мұражайында өтетін шараға қатысуға тиіс болған орынбасар ол жерге де аяқ басқан жоқ. Күте-күте көз майы таусылған музей басшылығы маңызды жиында Нүсіповасыз өздері-ақ бастап кетті. Алаштың қадір-қасиетін ұғынудан мақұрым ұлықтың бұл қылығы әрине, көпшілік көңілінде дық болып қалып қойды.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.