Студент кезден  айналысқан ғылыми жұмысты ары қарай кеңейте келе, радиацияның қатты заттарға әсерін оптикалық тәсілдермен комплексті зерттеуге ұластырған едім. Бұл өзі бұрын-соңды болып көрмеген орасан көлемдегі аса тауқыметті жұмыс болды. Бүкілодақтық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада бұрын-соңды ашылып көрмеген ғылыми жаңалықтарды алға тарту керек деген ауыр талап қойылды. Алынған әрбір нәтиже халықаралық деңгейде талқыланып, белгілі мамандардың пікірін алу міндеттелді. Сонымен, бұл жұмысты біраз еңсергенде осы радиациялық зерттеулерде жер бетіндегілерге әлі де белгісіз ерекше құпияларды біздің жерде ашылған Алтын адам ұстап тұрған болар деген ой туды.

Қазығұртқа кеме қонғаны жайындағы әңгімені мен арнайы іздемесем де, Алтын адам жазуы өз-өзінен шығарып берді. Иә, Қазығұртқа келгені бір кеме емес, үшеу екен. Олардың шыққан жері – әйгілі үш Галактиканың ең жоғарғы Хаңгалактикасы. Оқымыстыларға белгілі Магагалактика, Мэгагалактика және Хаңгалактика бар. Сонда ол сонша алыстағы Хаңгалактикадан мынау Қазығұртқа неге келді?

Алтын адам жазуы бойынша, біздің Қазығұрт алып тұлғалы, заңғар шыңды, сықасқан қалың орманды ерекше тау болған. Кеменің қонған орны сол кездегі алып таулардың бірі аталған Қаратаудың күнгей жақ беткейіндегі дәл осы Қазығұртқа қараған жағында үлкен үңгір болыпты. Сол үңгірде тозақты көтере алмай бір тәулік бұрын жантәсілім болған Қасқыр Ене жатыпты. Соның мұздап қалған денесінен шарананы сыртқа алып шығу үшін экипаж құрамында рух бар бір кеме келіп, Қазығұрттың әлгі үңгірге тұспалдау жағындағы шыңның үстіне қонады.

Лапылдаған отты кеме шыңның үстіндегі бүкіл орманды бір сәтте өртеп жіберген. Бұл өзі Жерді жиырма құлаш қалыңдықтағы алып мұзды экватор үстінен тіліп, оның екі жаққа қарай шегіне еруі  үшін орасан санды күш иелерді шығындаған кезі еді. Мұзды еріту үшін жоғарғы кеңістіктен зорлықпен құлатылған әрбір күш иенің қызуы 16 мың градустан кем болмапты. Соншама күш иені шығындап, жерді құрсаған мұзды зорлықпен еріту кезінде оның солтүстік жақтағы шеті қазіргі Кереку тұсына жеткенде Қасқыр Енеге алып Рухты Хаңгалактикадан әкеп жүктепті. Содан ол бейшара толғақты көтере алмай өліп кеткен соң, мұзы жаңа еріп жатқан жердің үстіндегі бірінші ақыл иесі болмақ шарананы қалайда тірі шығарып алу зәрулігі туған.

Бұл өзі бүкіләлемдік ерен оқиға. Сонымен, Қазығұрттың шыңына қонған отты кеменің рух күштері өздерінің бой қуатын кезектесе жұмсап, анау қашықта тұрған үңгірдің ішіндегі жансыз денеден шарананы сыртқа қарай Өріс күшімен тартқылайды. Айнала түгел шылқыған су, мұздан  жаңа босаған аймақ, ешқандай жылу атаулы жоқ болған соң, кемедегі тоғыз Рух бар күш-қуатын сарқып, әлсірейді. Қайта көтеріліп кетуге ылғалды жер тұтып  алған кеме қозғалмайды. Содан соң бұларға көмек ретінде екінші кеме келген. Бірінші кемені орнынан көтеріп жіберіп,  ол жерге өздері қону үшін қанша әрекет етсе де,  шыңның үстіне мықтап жабысқан бірінші кеме қозғалмайды. Содан соң көмекке үшінші кеме келгенде екеуін жоғарыға шығарып  жіберіп, бар қуатын бұл кемедегілер анау шарананы сыртқа шығаруға жұмсайды. Шығарады да.

Дегенмен бойынан жаны кетпесе де, өлімші күйдегі ол шарананы тірілту үшін бұлардан кейін де көп күш жұмсалған. Осы шарана екі аяқты ақыл иесі боп жер басып шыққанда есімі ЧИИИ АЛЛЛАСИ ПЭГИТИ — ЧИАЛЛЛАБЭГ болған. Бүгінгі тілдегі «человек» пен «человечество» осыдан алынған. Сол «человектің» бұл есімімен біздің жердегі Чи елі — Шиелі, Чиен — Шиен атаулары ғана байланысты емес, шығыс аймақтағы Чита, батыстағы Чикаго, Тынық мұхит жағалауындағы ұзыншақ жолақты алып жатқан Чили дегендердің бәрі де «человечество» түп атасымен байланысты қойылғандар. Түркітұқымдастарда жүрген Челаби әулие дегенің де сол Ата жайындағы.

Біздің халықта жаңа туған сәбиді қырқынан шығару  деген бар. Онымен байланысты шілдехана деген атау сақталған. Итжейдесі деген де бар. Осының үшеуі де анау үңгірде туған шаранамен тікелей байланысты шыққан. Қасқыр Енеден туған соң, төрт аяқтап жүріп қалмас үшін оны бірден екі аяқпен тік жүретін етуге бейімдеу үшін қырық күн бойы бейшара шарананың денесін созғылапты. Аяқ пен қолды екі жаққа кергілеген. Человечество Бабасы осындай азаптан өткенін біздің халық ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін жаңа туған баланы қырқынан шығару әдетін енгізген.

Шілдехана атауы сол шарананың ЧИЛТРИҢТИ атауынан алынып тұр. Қайсыбір елдер бұны «чилдрин» деп тұтынады. Хаңгалактикадан келген кемелер Қаратауға да қонған. Біреу емес, тоғыз рет  келгені бар. Ол жағын еліміз дабыраламай, жасырын ұстап жүргені белгілі. Бұл өзі жеке әңгіме болатын орасан құпия. Дегенмен Қазығұрт пен Қаратау алуан түрлі жер сілкіністердің кесірінен барынша шөгіп, бүгінде жай ғана төбешіктер секілді бейнеге түсті. Қазығұртқа келген үш кеменің радиация қалдығы ұзақ уақыт сақталған. Көптеген жылдар бойы кісілер барып, сол орыннан қуат алып, денсаулықтарына шипа тапқан да кез болыпты. Оған қоса, бұл орында таңбалы тас сақтаулы. Ашық емес, көмулі жатыр.  Кеме келген тарихи орын өз тарихын бойында солай жасырып жатыр.

Кеме келді деген орындар әр жерде бар деп айтылып келді ғой. Соның бірі – Арарат. Бірақ Қазығұртқа келген кемелердің  орны бөлек. Біздің кездегі 1999 жылы Қазығұртқа кеме қонғанына 50 мың жыл толғанын күнтізбеде белгілеп қойдық. Өйткені бұның себебі ерекше. Ақыл иесі болып көрмеген мұздақ жердің үстіне саналы өмірдің бастамасын жасаған сол кемелердегі экипаж иелері. Жұмырбасты болып  көрмеген иесіз Жердің үстінде ақыл иесін жарыққа шығару үшін өз бойындағы күш-қуатын сол кеме экипаждары жұмсады ғой. Олардың ерен еңбегі болмаса, бүгінгі біз мынау жерде жүрмес едік. Қазығұртқа сонау Хаңгалактикадан кеме келіп қонбаса, Көкбөрі бейшара Қасқыр Ененің мұздаған денесінен өздігінен шыға алмас еді.

Сонда біздің Қазығұрт үстіндегі анау шың бар жасыл орманнан айырылып, радиация  өртіне күйгенде сол құрбандығы үшін Көкбөрі шарана жарық дүниеге шықты. Бүгінде жай ғана аласа тау болып жатқан қарт Қазығұрт сонау мұз дәуірі кезінде бүкіл Жер бетінің адами тіршілігі бастау алу үшін өз арқасын лапылдаған радиация отына солай төсеген еді. Сонау Хаңгалактикадан  кеме келіп қону үшін басқа емес, Қазығұрт шыңының таңдалуы үлкен Әлем көлеміндегі  ерек оқиға.

Қазығұрттың қасиеті ерекше.  Осы ерекшелікті қазіргі жастар сезіне ме? Жеріміздегі әр шөкімнің әлемдік тарихы барын бағалай білуге сана жете ме? Иә, бүкіл әлемді ақыл, ой, сана және парасат төртеуі ұстап ұр. Осыдан біреуі  кем  болса, жоғалу қаупі төнеді. Қазығұрттай атақты жері бар елдің әр баласы аталған төрттікті бойында ұстауы керек. Әйтпесе жоғалу қаупі төнеді. Қазығұрттағы жасырын жатқан таңбалы тас ашылып, ондағы жазудың сыры да шешілер. Қазіргі біз әлі де сол жусаннан аласа бойлы күйден босана алмай тұрмыз ғой. Сұңғақ бойлы болуға жастар ұмтылуы керек.

Біз бұл мәліметтің бәрін Алтын адам жазуынан алдық. Оның бүге-шігесін жеткізу ұзақ әңгіме. Ең бастысы, радиация жайындағы мынау әлемге белгісіз талай құпияның көзін Алтын адамның ашып тұрғанында.

 Мағрипа Шөжеғұлқызы, физика-математика ғылымдарының кандидаты

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.