Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Әсем Мылтықбай ерекше бомбер күртеше ойлап тауыпты. Оның кәдімгі күртешеден айырмасы – киім  жаздыгүні денені салқындатып, ал қыстыгүні жылытып тұрады. Бұл үшін оқушы күртешеге пельтье элементін қолданған.

Мұндай бомбер күртешелерді бұған дейін шетелдің өнертапқыштары жасаған болатын. Бірақ Әсем Мылтықбай ойлап тапқан Bomber jacket WINTER+SUMMER деп аталатын күртешенің олардан айырмасы баршылық. Мәселен, Жапонияда мұндай күртешелерде аккумулятор қолданылады. Алайда бұл адамның бүйрегіне зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан пельтье элементі қолданылған қазақстандық күртешенің адам ағзасына еш зияны жоқ. Оның үстіне күртешені кәдуілгі телефон тәрізді қуаттап, киіп жүре бересіз.

Әсем Мылтықбайдың бұл жобасы Астанада өткен жобалар жарысында жоғары баға алып, Green city номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға ие болған. 9-сынып оқушысы бұл жобаны ары қарай дамыта түсіп, патент алуды көздейді.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.