Оралда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бұрынғы полиция қызметкері өзін жұмыстан шығарып жіберуге наразылық танытты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу аллеясына барған Орал желілік полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері Әлібек Ерғазиев «Заңдылық — әділеттілікті емес, биліктің белгісі» деп жазылған плакатын ашты.

Әлібек Ерғазиев қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ербол Көшековтің акциясын тоқтату туралы талабын орындаудан бас тартты. Бірнеше минуттан соң Ерғазиевті жай киім киген полиция қызметкерлері ұстап, белгісіз бағытқа алып кетті.

43 жастағы Ерғазиев өзін ұстағанға дейін Азаттық тілшісіне 2017 жылдың басында «жұмысқа масаң күйде келгені» үшін жұмысынан босатылғанын айтты. Ол мұндай айыппен жұмыстан босатуға келіспейтінін айтып, мұны басшылықтың өз еркімен жұмыстан кету туралы талабын орындамағаны үшін кек алу деп біледі.

Азаттық тілшісіне бұл жағдайға байланысты полициядан әзірге комментарий алу мүмкін болмай тұр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.