Қызылорда облысының әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атанды. Бұл туралы Сыр өңірі әкімшілігінің ресми сайты жазды деп хабарлайды Жас Алаш сайты.

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының 17-ші сессиясында Қырымбек Елеуұлы осындай марапатқа ие болды. БҚО-ның басшысы Алтай КӨЛГІНОВ оның облыс пен Қазақстанның дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. 63 жастағы Қырымбек Көшербаев 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысын басқарған еді. 2013 жылдан бері Сыр өлкесін басқарып жүр.

Фото: qazaquni.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.