Атырау қаласына қарасты Бірлік ауылындағы №33 «Көркемай» балабақшасының балалары асық ойнайды.

Атырауда асық ойнататын балабақша бар

«Былтыр Алматы қаласына бір семинарға барып қатыстым. Сол кезде сондағы бір мектепке дейінгі ұйымның оқу әдісіне асық ойыны енгізілгенін көріп, бізде де неге қолданбасқа» деген ой келді, — дейді балабақша директоры Гулбану ҚОНАЕВА.

Айта кетейік, бұл балабақшалардың қай-қайсысы да асық ойынына қазіргі талапқа сәйкес өзгертулер енгізген. Мәселен, «Көркемайда» оның үстел үстінде ойнауға лайықтаған түрі де бар. Бәрінен бұрын, балабақша ұжымына асық жинау қиындық келтіріпті. Сол үшін аудан-ауылдарды да аралауға тура келген. Нәтижесінде, мекеме қоржынында қазір 3600 асық бар. Оларды кептіріп, бояп, тескенге де көп күш жұмсалған.

Атырауда асық ойнататын балабақша бар

«Көркемайда» 160 бала тәрбиеленеді. Асық атып, «ханталапай» жасайтын орта және жоғары топ бүлдіршіндері. Кіші топтар асықтарды түріне, түсіне қарай топтап, жинаумен айналысады.

Атырауда асық ойнататын балабақша бар

-Мен қыз бала болсам да кішкене күнімде асық ататынмын, — дейді Гүлбану Қонаева. Балабақшаның асық ойнап өскен басқа да егде жастағы қызметкерлеріне ұлттық ойынға жас тәрбиешілер мен сәбилерді үйрету аса қиынға соқпапты. Облыс балабақшаларының арасынан тың әдістемені алғашқы болып қолданған «Көркемай» басшылығы алдағы уақытта басқа аймақтардағы асық ойынын енгізген балабақшалармен тәжірибе алмаспақ ниетте.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.