«Нұр Отанның» мониторы президент қатысқан жиынды жарқыратып көрсете алмады

632

Президент «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШОВ таныстырған әлеуметтік инфрақұрылым дамуы жайлы жоспарды мақтады. Ә. Исекешов еңбекпен қамту мен білім беру бағдарламаларын дамыту, астаналық жастарға қолдау көрсету, тұрғын-үй коммуналдық ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, жана жұмыс орындарын ашу жайлы айтып өтті.

— Smart Astana мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Ол 60 қызмет түрін ұсынады. Ең танымал қызмет көрсету түрі — дәрігерге жазылу. Мысалы, бұрын емханаға алдын ала қоңырау соғып немесе ертерек келуге тура келетін, ал қазір бұл үшін 2-3 минут уақыт кетеді, — деді әкім цифрландыру жайлы айта отырып. 

— Жоспарлардың барлығы орындалып жатса, меңінше, бұл қалғандары үшін де үлгі болды. Сені бүкіл Қазақстан тыңдады. Менің ойымша, барлығы сенен үлгі алатын болады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешовке.

Әрине, билік партиясының басты бағытының бірі – цифрлық Қазақстан бағдарламасы. Соңғы кездері бұл мәселе үкімет жиындарында жиі-жиі қаралып, әкімдер мен министрден бұл бағыттағы жұмыс қатаң сұрала бастады.

Дегенменде кеңейтілген жиында цифрлы Қазақстан мәселесі жан-жақты талқыланып, бұл саладағы жетістіктер мақтанышпен айтылып жатқанда партия сьезін тілшілерге тікелей эфирде трансляция жасауы тиіс болған үлкен монитор осынау дүниелерді жоққа шығарып тұрғандай әсер қалдырды. Өйткені монитор беті ештеңе көрсетпей, жиыннан ешқандай бейне ақпарат бере алмады.

Жасыратыны жоқ, біздің билік президент қатысқан кей жиынды там-тұмдап қана көрсетеді, кей жиынды күндіз-түні жарқыратып, бастарына көтеріп жарнама жасайтыны бар. Сондықтан осынау жиынды жарқырата көрсетуі тиіс болған монитордың беті жыбырлап, бедірейіп тұрғанын тілшілер қауымы неге жорырын білмей қалғаны анық.

Фото: facebook.com

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.