АҚШ президенті Дональд Трамп Канада билігін америкалық ауыл шаруашылығы мен фермерлері өнімдеріне қойылған сауда кедергілерін алып тастауға шақырған. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына жазды.

Бұған Трамп Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ пен Еуропа Одағы арасындағы сауда балансын теңестіру қажеттігі туралы айтқаны туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлаған. Осының қарсаңында Макрон АҚШ-тың шешімін «заңсыз әрі қате» деп атаған.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо АҚШ билігінің шараларын «қабылдауға келмейді» деп атаған. Канада үкіметі АҚШ-тың іс-әрекетіне жауап ретінде 16 миллиард доллардан астам ақшаның баж салығын енгізген. Қосымша салық түрлері виски, сыра күбілері мен тұрғындарға арналған кейбір өнеркәсіп тауарларына енгізілген.

АҚШ маусымның 1-інен бастап Еуропа Одағы, Мексика мен Канададан келетін болат пен алюминийге баж салығын енгізген. Бұл елдерден әкелінетін болатқа 25 пайыз, аллюминийге – 10 пайыз баж салығы қойылған.

Еуропа Одағы Вашингтонның шешімін сынап, АҚШ-тың үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірген. Сонымен бірге Брюссель маусымның 20-ына дейін АҚШ әрекетіне жауап шаралар қабылдайтыны туралы мәлімдеген. Атап айтқанда, Еуроодақ америкалық джинси, вискидің кей түрлері, жержаңғақ майы мен мотоцикль тәрізді тауарларға жаңадан салық енгізуі мүмкін.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.