4 маусымда Шымкенттегі қалалық ішкі істер басқармасының арнайы бөліміне «саяси тұтқындарды босату талабымен митингіге шыққаны» үшін қамалған азаматтық белсенді Нұржан Мұхаммедов босатылды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Нұржан Мұхаммедов Ішкі істер басқармасынан алғашында ескерту алған. Бірақ мамырдың 25-і күні қалалық мамандандырылған әкімшілік соты заңсыз митингіге шыққаны үшін Әкімшілік кодекстің “митинг, пикет өткізу ережесін бұзу» бабымен айыпты деп танып, 10 тәулікке қамаған.

— Әлеуметтік желіден оқып, митингге шыққаным үшін қамады. Мына елде қалай өмір сүретінімізді білмеймін. Конституцияда демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтырылған. Республиканың ең қымбат байлығы адам және оның құқықтары делінген. Оған президент қол қойған. Енді бізді не үшін қудалап жатқанын білмеймін, — дейді Нұржан Мұхаммедов.

22 мамырдың шымкенттік белсенді Ибрахим Әлсеркені де әкімшілік сот 15 тәулікке қамаған. Сот оны да “митинг, пикет өткізу ережесін бұзу» бабымен айыпты деп таныған.

Оқи отырыңыз: Наразылық шарасынан кейін қанша адам жазаланды?

Мамырдың 10-ы күні Астана, Алматы және бірнеше облыс орталығында «саяси тұтқындарды босату» және «түрмедегі азаптауларды тоқтатуды» талап еткен наразылық шарасы өткен. Наразылық шарасына келген ондаған адамды полиция ұстаған. Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов Қазақстанда болған митингілерді «мен ұйымдастырдым» деген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.