Маусымның 5-і күні Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімдігі мен қалалық мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім шығарып, Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) әкімдігі мен облыстық мәслихатының қарауына жіберді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Сессияда Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасау туралы бірлескен шешімге қол қойды.

«Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың сессиясында бұл мәселені ұзартпай, тездетіп шешеміз» деді облыс әкімі.

Түркістан қаласында соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру туралы жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістандықтарды «облыс орталығы» болатын қаланың тазалығы толғандырады

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.