Тоқаев: Денсаулық сақтау министрлігі шабан қимылдап отыр

38


Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менингитпен ауыру оқиғаларына қатысты жағдайға комментарий беріп, денсаулық сақтау министрлігін «немқұрайлылық танытты» деп сөкті.

«Менингит инфекциясының алдын алу жағдайы көңілге қонбайды. Салалық министрлік кешірілмес шабан қимылдап жатыр» деп жазды Тоқаев Twitter-де. Оның сөзінше, сенат депутаттары бұл жөнінде үкіметке сауал жолдайды.

4 маусымда Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада өткен брифингте елде менингококк инфекциясына байланысты карантин енгізуге әзірге негіз жоғын мәлімдеген. Министр келтірген мәліметтер бойынша, жыл басынан бері елде 58 адам менингитпен ауырған, кем дегенде 12 адам осы дерттен көз жұмған, олардың бесеуі — балалар. Соңғы мәлімет бойынша, 4 маусым күні Талдықорғанда жергілікті колледждің 17 жастағы студенті менингококк инфекциясынан қайтыс болған.

Инфекция жұқтырғандар арасында 14 жасқа дейінгі 18 бала бар. Біртановтың айтуына қарағанда, ауру көрсеткіші әлі «шектік деңгейге» жетпеген. Ол сонымен қатар журналистермен кездесуінде менингитке қарсы жаппай егу жұмыстарын жүргізу «тиімсіз әрі шығын келтіретін шара» болады деп білетінін айтқан. Ол дегенмен менингитке қарсы екпе мен дәрілердің бағасын қолдан қымбаттату әрекеттерін болдырмауға уәде берген.

Видео: Менингиттен шетінеген бала (04.06.2018)

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.