«Хабар» кімнен, неден қорғанбақшы? — осыдан жеті жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасы болып, халыққа қарсы атқан полицияның оғынан 16 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақаттанған. Неге екенін қайдам, бірақ сол оқ пен оттың ішінен «Хабар» телеарнасы жаңалық таратпады. Салық төлеушілердің (халықтың) ақшасына алынған бронижилетті тап сондай сәттерде киіп, оқиға орнынан жедел ақпарат жариялауға арнаның күші жетер еді. Сол жылғы оқ ұстар кеудешелер киілмей, босқа қалған болуы керек.

Арон Атабек ертерек түрмеден  шыққысы келмейді — Шаңырақ ісі бойынша 14 жылға сотталған Рүстем Тұяқов жазасының 12 жылын өтеп, шартты түрде мерзімінен екі жыл бұрын бостандыққа шықты.  Шаңырақ оқиғасына қатысты қамалған  Арон Едігеев, Құрманғазы Өтегенов пен Ерғанат Тараншиев мерзімінен бұрын еркіндікке шыға ма?

Еден жуушының «ставкасы» қанша? — Біз  оңтүстікте еден жуушы болып жұмысқа тұрудың ставкасын білу үшін ары-бері хабарласып көрген болатынбыз.   Облыстағы аудандардың біріндегі мектепке еден жуушы болып былтыр кірген азаматша бұл үшін директорға 100 мың теңге пара бергенін айтты.

Менингит: вакцина салынбайды, карантин жарияланбайды — «Жаппай екпе егу үшін, жаппай эпидемия жариялану үшін қанша адам өлуі керек?» Сонда ғана министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шартты стандартын алға тартты: «100 мың адамға шаққанда 10 адам ауырса (бір аптаның ішінде) эпидемия жариялауды ұсынады. Ал бізде оған ешқандай қажеттілік жоқ, себебі біздегі көрсеткіш 7-8 есе аз. Егер соған жетсек…» – деп барып тілін тістеп қалған министр, осындай жағдай тіркелсе, біздің елде де жаппай карантин жарияланатынын айтты.

Жатақханадан Ақордаға дейін — Студенттердің қала ортасындағы орыстың қаусаған шал-кемпірлерінің қуықтай бөлмесін паналап жүргені әлеуметтік шындықтың беті ғана. Үлкен қалалардағы жатақханаларда жарты өмірі өтіп, бір бөлмені паналап, бала өсіріп, қысылып-қымтырылып тұрып жатқан отбасылар біздің елде өте көп. Олардың арнайы санағы жоқ. Ұмытылған әлеуметтік топ. Үкіметтің тұрғын бағдарламаларының ешбіріне ілікпеген, ілігуге шамасы жоқ. Ал сол жатақхана қабырғасында өскен балаға ертең «Отаныңа қызмет ет», «еліңді, жеріңді сүй» деп қалай айтасың?!

Тамыры таза — Ең қасіретті соғыс – азаматтық соғыс. Әкең бір сапта, өзің қарсы сапта, бауырың басмашылар қатарында жүреді. Қандай адал тарихшы болсаң да, қиналмауың мүмкін емес. Жайдақтатуға тағы болмайды.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.