Қырғызстандық саясаткер Омурбек Бабанов Жогорку Кеңештеги «Республика — Ата Журт» фракциясының басшылығынан өз еркімен кетті деп хабарлады фракцияның парламенттегі депутаты Алиярбек Абжалиевке сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Фракция мүшелері дүйсенбіде Бабановтың фракция жетекшілігінен кету туралы өтінішін қарап, оны мақұлдаған. Бабановтың фракция жетекшілігінен кеткені туралы ресми түрде хабарланбады.

4 қарашада Қырғызстан бас прокуратурасы Жогорку Кеңеш депутаты, президенттік сайлаудан үміткер болған Өмірбек Бабанов пен басқа тұлғаларға қарсы Қырғызстан қылмыстық кодексі 297-бабының 1-тармағы (конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру) және 299-бабының 1-тармағы (ұлтаралық, нәсілдік және діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Бұл іс Бабановтың 28 қыркүйекте сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде Ош қаласының «Әмір Темір» шағын ауданы тұрғындары алдында сөйлеген сөздеріне байланысты қозғалған.

Президент сайлауында басты қарсыласы, биліктегі Социал-демократиялық партияның кандидаты Сооронбай Жээнбековтен жеңілген Бабанов өзіне қарсы істі «саяси мақсатта қозғалған іс» деп атаған. Кейін Бабановтың Ресейде емделіп жатқаны хабарланған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.