Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің «сыбайлас жемқорлық қылмысын» тексеру аясында ұсталғанына байланысты комментарий берді.

4 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Нұрлан Жахин Бақытжан Жақсалиевтің 2015 жылы Щучинск-Бурабай шипажай аймағындағы көлдердің табанын лайдан тазарту жұмыстарына қатысты құжаттарға заңды бұза отырып қол қойды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Сыбайлас қемқорлыққа қарсы қызмет вице-министр қызмет бабын мердігер «Аймак и К» компаниясының мүддесін қорғауға пайдаланып, мемлекетке 746 миллион теңге көлемінде зардап келтірді деген күдікке қалғанын айтады.

Бозымбаевтың сөзінше, Жақсалиев наурыз айында энергетика вице-министрі Ғани Садыбеков қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған іс аясында үйқамаққа алынған. «Бұл — Щучинск-Бурабай аймағындағы көлдерді тазалауға қатысты іс бойынша болып отыр. Бұған өкінемін. Мен жаңсақтық болар деп үміттенемін» деді министр.

Жақсалиев энергетика вице-министрі лауазымын 2014 жылдан бері атқарады. Бұған дейін ол үш жыл индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары болған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.