Қазақстандағы жалғыз киномеханик

340

Еліміздің солтүстік өңірінде Қазақстандағы жалғыз киномеханик тұрады. Елді мекендерді аралап, киноларын негізінен тегін көрсететін Жәнібек ҚАПЕЗОВТІҢ киноаппаратын тек мұражайдан көруге болады.

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында Жәнібек Қапезовты білмейтіндер кемде кем. 45 килограммдық екі ауыр сөмкесін арқалап, ауыл-ауылды аралайтын ақсақал тұрғындарға  кеңес үкіметінде шығарылған кинолар мен мультфильмдер көрсетеді. Әсіресе, клуб, кинотеатр жоқ елді мекендердің тұрғындары Жәнібек ағаның келуін асыға күтеді екен.

 – Көбіне мен қарт кісілердің үйіне барамын. Олар кино көріп өткен күндерін еске алады. Настольгия дейді. Үнді киноларды жақсы көреді. Сосын жетім балаларға тегін кинолар көрсетемін. Өткен айда Айыртау ауданына бардым. Сосын Урюпинка, Шучинскі, мен Макинскіде де болдым, – дейді Жәнібек Қапезов.

Жәнібек Оспанұлы сексенінші жылдары киномеханик мамандығын меңгеріп, он шақты жыл ауыл клубтарында жұмыс істеген. Бертін келе клубтар жабылып, жұмыссыз қалады. Алайда, сүйікті ісінен айырылғысы келмепті. 2005 жылы мына құрылғыны іздеп жүріп, сатып алған екен. Содан бері ауыл-аймақтарды аралайды.

–Мен бұны бірінші рет көріп тұрмын. Бұл телевизор сияқты емес, қол арқылы жүргізілетін кинопроект. Ол маған ұнады.Аға бізге қабырғадан мультфильм көрсетті. Қазіргі біз мультиктерді телефоннан, планшеттен, ноутбуктан көреміз»,– дейді  Көкшетаудағы зияткерлік мектептің бастауыш оқушылары.

Бала кезінен кино әлеміне ғашық болып өскен Жәнібек Оспанұлы «бойымда күш-қуатым бар кезде, бұл ісімнен бас тартпаймын»  дейді. Айта кетерлігі, сүйікті ісінен тауып отырған табысы да жоқ. Өйткені, қарттар үйі мен балалар үйіне тегін барса, ауыл тұрғындарынан, небәрі, 100-200 теңге алады екен. Киномеханиктің ендігі арманы: қоржынындағы қазақша кинолардың санын арттыру.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.