5 маусымда Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Кулматовты қамау туралы шешімді Бішкектегі Первомайский аудандық соты шығарған. «Жемқорлық» айыбымен күдікке ілінген экс-мэр қамауда тергеу аяқталғанға дейін отырады. 

Кулматовқа 18 мамырда «Коррупция» бабымен айып тағылып, дүние- мүлкі бұғатталған. Тергеу дерегінше, Кулматов Бішкек қаласын басқарып тұрғанда Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісіне бөлінген 2 миллион долларды заңсыз пайдаланған. Кулматов өзіне тағылған айыпты мойынамайды. 

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков та қамауға алынған. Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында «сыбайлас жемқорлық» айыбы тағылған. ​Ол да өзіне тағылған айыппен келіспейді. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.