Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

67


6 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бахтиер Зайнтудинов гол салды. Үш футболшы да «Астана» командасында ойнайды. 

Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бірнеше ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. 

Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Венгрия құрамасын жеңіп, Болгариядан жеңілген. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.