Иран билігі өкілдерінің хабарлауынша, Иракпен шекарадағы аймақта болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 328 адамға жетіп, жараланғандар саны 2500-ге таяп қалды. Бұған дейін 200-ден астам адам қаза тауып, 1600-ден астам адам жараланғаны хабарланған болатын.

Иран ішкі істер министрлігі бұған дейін құрбандар мен жараланғандардың көпшілігі Керманшах провинциясында екенін хабарлаған. Қуаты 7,3 магнитудаға жететін зілзала дүмпуі Түркиядан Кувейтке дейінгі аймақта сезілген.

Ирак ресми органдарының хабарлауынша, зілзаладан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 320 адам жараланды. Ирак ішкі істер министрлігінің өкілі бригада генералы Саад Маан құрбандардың барлығы Ирактың солтүстік бөлігіндегі Күрдістан автономиясында қаза тапқанын айтты.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мемлекеттік органдар мен құтқару қызметтерін зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуге шақырды. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади азаматтық қорғаныс күштері мен олармен байланысты органдарға табиғи апатқа қатысты тиісті шаралар жасауға тапсырма берді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.