Семейдегі Шәкәрім университетінде Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТТІҢ «Аққу сыр, қауырсын наз, қанатты өлең..» атты оқырмандарымен кездесу кеші ерекше өтті. Филология ғылымдаррының докторы, профессор Арап ЕСПЕМБЕТОВ ақын шығармашылығына тоқталып өткеннен кейін Ұлықбек ақын зал толы студенттерге сезім мен махаббат үйлесім тапқан жырларын төгілтті. Сонымен бірге әр өлеңнің жазылу жайын айтып әсерлі естеліктерімен бөлісті. Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірттері ақын өлеңдерін мәнермен оқығанда Ұлықбек Есдәулеттің өзінен асып түспесе кем соққан жоқ. «Бұрышы жоқ үй», «Құспенен туыстық». «Ұлықбектің көшесі» сияқты жырлардың соңындағы түйінді шумақтар көкейде жатталып қалатындығымен құнды.

Ұлықбек Есдәулет атындағы білім гранты табысталды

Кездесу кешінің ең ғажабы университет ректоры Мейір ЕСКЕНДІРОВТІҢ ұйғарымымен биыл мектеп бітірген үш түлекке «Ақын Ұлықбек Есдәулет атындағы білім грантын» ақынның өзі табыстауы болды. Яғни, үлкен өмірге енді қанат қаққан Мұратқали Назерке, Азамат Қайырбеков және Айшолпан Ғазизбекқызы енді университеттің ақын аты берілген грантында білім алатын болады.

Ұлықбек Есдәулет атындағы білім гранты табысталды

Ректор М. Ескендіровтің айтуынша, білім гранты талантты жастардың үшеуіне де жауапкершілік жүктейді әрі қанаттандырады. «Бұл жас оқырмандарыммен кездесуге келген мен үшін де үлкен сый болды. Ақын атына білім грантын тағайындаудың салмағы да зор. Дегенмен, Мағжан ақын айтқандай, «Мен жастарға сенемін» дейді Ұлықбек Есдәулет. Сонымен қатар ақынға «Шәкәрім университетінің құрметті профессоры» атағы да берілгенін атап өткен жөн.

«Аякөздегі мектепті бітіріп, қалаға келгенде Шәкәрім университеті тағайындағын мұндай білім грантын алу мен үшін үлкен бақыт. Ұлықбек ақынның жырларына бала кезден қанықпын. Енді, міне, көз алдымда сол ағамыздың қолынан білім грантын алып тұрып жауапкершілігін де ұққандай болдым»,-дейді үш таланттың бірі Айшолпан ТІЛЕУТАЙ.

Фотолар автордікі.  

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.